Бас прокуратура қылмыстық кодекске енгізілген жаңа 115-1 – «Сталкинг» бабына қандай қылмыстық әрекеттер жататынын түсіндірді.
«Сталкинг – бұл адаммен қарым-қатынас орнатуға және оның еркіне қайшы келетін, зорлық-зомбылықпен ұштаспаған, елеулі зиян келтірген әрекеттерді білдіретін адамды заңсыз қудалау«, – деп түсіндіреді қадағалаушы орган.
Отандық заңнамаға енгізілген жаңа бапқа сай, мұндай әрекеттер үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделіп отыр.
Бас прокуратура сталкинг зорлық-зомбылық, қорқыту, бопсалау, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзумен қатар жүрсе, іс-әрекет ҚК-нің басқа бабы бойынша қосымша сараланатынын атап өткен.