ЕАЭО елдері үшін электромобильді баж салығынсыз жеңілдікпен кіргізу 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Алайда Қазақстан азаматтары үшін бар болғаны 97 күн қалды.
Уақыт неге аз
Жеңілдік мерзімі аяқталуға жақын. Себебі автомобильді кеденнен өткізу күрделі жұмыс. Экспорт құжаттарын дайындау, электронды кезек, шекарада кешігу, Алматы немесе басқа да қалаларға жеткізу біраз уақытты қажет етеді. Оның нарықтағылардың бәрі біледі.
Оның үстіне Қазақстанда желтоқсан айында мереке күндері көп. Жылдың соңғы айында мемлекеттік органдар үшін жұмыс күні азаяды. Одан қалды, ЕАЭО жүйесі үнемі мүлдіксіз жұмыс істей бермейді. Ақаулар болып тұрады.
Шетелден көлік жеткізушілердің айтуынша, көлікті рәсімдеу мен жеткізу шамамен 39 күнге созылады. Жыл...