Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Шахбаз Шарифке құттықтау хатын жолдады. Президент Пәкістан басшысының халықаралық шиеленісті бәсеңдетудегі рөлін жоғары бағалады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың хаты АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуымен байланысты. Бұл тарихи құжаттың жүзеге асуына Пәкістан тарапы дәнекер ретінде үлкен үлес қосқан.
«Көреген көшбасшылықтың нәтижесі»
Президент өз жолдауында Шахбаз Шарифтің дипломатиялық шеберлігі мен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге деген ұстанымын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, Пәкістан премьер-министрінің мұндай саясаты әлемдік деңгейдегі сенімді нығайтуға серпін береді.
«Аталған уағдаластық Таяу Шығыста және тұтас әлемде ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша...