Футболдан Әлем чемпионатының 1-туры аясында Португалия мен Конго ДР құрамалары жасыл алаңда кездесіп, тартысты ойын көрсетті. FIFA рейтингінде 5-орында тұрған фаворит Португалия мен 46-орындағы ДР Конго арасындағы матч 1:1 есебімен тең аяқталды.
Бірінші тайм: тез салынған гол және жауапты соққы
Ойын басталысымен португалиялықтар басымдықты қолға алуға тырысты. Небәрі 6-минутта Педру Нетудың пасынан кейін Жоау Невеш есеп ашып, Португалияны алға шығарды (1:0)
Дегенмен Конго ДР құрамасы көп ұзамай ойын ырғағына үйреніп, қауіпті шабуылдар ұйымдастыра бастады. 32-минутта К. Мбемба сары қағаз алып, қорғаныста барын салды. Таймның соңында конголықтардың қысымы нәтиже берді.
45+5-минутта Масуакудың дәл берген пасын Висса сәтті пайдаланып, таразы басын...