Депутат Еділ Жаңбыршин Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп, депутатат болып сайланған соңғы үш жылда қандай іс атқарғанын, қандай заңдарға мұрындық болғанын айтты.
Айтуынша, 20 шақты заңның шығуына септігін тигізген әрі авторы болған.
«Жұмысымызға халық өзі бағасын береді деп ойлаймын. Осы күнге дейін бірнеше заңның авторы болып, бұрын болмаған заңдардың жұмыс тобын басқардым. Жетінші шақырылымда Семей ядролық полигонына қатысты заң бірінші рет қабылданған, соны басқардым. Лудомания, вейп, фонограмма, ЛГБТ насихатына қатысты нормаларды ұсындым. Радиоактивті қалдықтар жөніндегі бұрын соңды болмаған заңның авторларының бірімін. Экологиялық кодекске өзгеріс, электромобильді инфрақұрылымды дамыту, үлескерлерге қатысты заңды дайындадым. Осындай 20 шақты заңға...