Алматы әкімдігі тұрғындардың ескі көліктерін сатып алып, кейін оларды утилизацияламақ. Бұл Алматы ауасын тазарту мақсатында қолға алынып жатқан шара.
Алматы орталығына ескі көліктер кірмейді
Алматыда экологияны жақсарту мақсатында жаңа бағдарлама да әзірленіп үлгерді. Жаңа бастама аясында қаланың белгілі бір аудандарына кіру ақылы болмақ. Бұл туралы Алматы мәслихатының «Алматы қаласы аумағында атмосфералық ауаны қорғау саласында арнайы экологиялық талаптарды енгізу туралы» шешімінің жобасында айтылған. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Қалаға ақылы кіру Еуро-0-4 санатындағы көліктерге қатысты болмақ. Жергілікті әкімдік Алматы ауасын ең көп ластайтын көліктер осы санаттағылар екенін мәлімдеп отыр. Қаладағы зиянды заттардың жартысынан көбі дәл осы көліктерден...