Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі соты Каспий теңізіндегі ірі Қашаған кен орнын игеріп жатқан North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумына салынған $4,2 млрд көлеміндегі экологиялық айыппұлды жойғанына қатысты түсініктеме берді.
Соттың мәліметінше, Атырау облысының Экология департаменті тарапынан берілген экологиялық заңбұзушылықтар туралы нұсқама процедуралық қателіктерге байланысты заңсыз деп танылған. Бұл ретте, сот шешімі экологиялық заңбұзушылықтың болмағанын білдірмейді.
«Нұсқаманың күшін жою оның мазмұнына қатысты емес, оны рәсімдеу кезінде әкімшілік процестік кодекстің талаптары сақталмаған. Сондықтан сот экологиялық заңбұзушылық фактісін бағалаған жоқ», – деп нақтылады Астана қаласының соты.
Соттың айтуынша, Экология департаменті процессуалдық қателіктерді түзеп, NCOC компаниясына қатысты...