Қостанай облысының соты өзін «Қазақстандағы №1 мобильді интернет» деп мәлімдеген Beeline операторының ролигіне қатысты азаматтық іс бойынша жеке ұйғарым шығарды.
YouTube платформасында жарияланған жарнамада «КаР-Тел» ЖШС операторының мобильді интернеті сапасы мен қамту аймағы бойынша Қазақстанда бірінші орында екені айтылған. Бұл роликке байланысты Tele2 және Altel брендтерін басқаратын «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС сотқа шағым түсірген.
Сот талқылауы барысында YouTube-те жарияланған жарнаманың талапқа сай емес белгілері бар екені және ол тұтынушыларды жаңылыстыруы мүмкін екені анықталды.
«Жарнамада көрсетілген мәліметтер жеткілікті әрі объективті дәлелдермен расталмаған. Қолданылған тұжырымдар тұтынушыларда оператордың телекоммуникациялық қызмет көрсету нарығында сөзсіз көшбасшы екені туралы пікір қалыптастыруы...