Ресейдің «Татнефть» компаниясы «Бутадиен» жобасындағы 75 пайыздық үлесінен шығып, серіктестер құрамынан кетті. Бұл туралы PetroCouncil Telegram-арнасы жазады.
Шамамен 1 млрд долларды құрайтын «Бутадиен» жобасы Атырау облысында бутадиен және оның негізіндегі өнімдер өндіретін мұнай-химия кешенін салуды көздеген.
Кешенге қажетті шикізат Теңіз кен орнынан жеткізілуге тиіс еді. Жоба жоғары қосылған құны бар мұнай-химия өндірісін дамытудағы негізгі бастамалардың бірі ретінде қарастырылған.
Бұған дейін, өткен жылдың желтоқсанында ЕРС-мердігерді анықтау жоспарланып, жоба белсенді кезеңге өтеді деп күтілген. Алайда негізгі стратегиялық серіктестің шығуы жобаның мерзімі мен жүзеге асу форматына әсер етуі мүмкін екені айтылуда.
eGov деректері бойынша, «Татнефть» 29 қаңтарға...