«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еуропалық активі – KMG International 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында өндірістік-қаржылық қызметін қорытындылады. Төрт айдағы таза пайда 75 млн долларға жетті.
Компанияның дерегінше, негізгі операциялық және қаржылық көрсеткіштер былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өсім көрсетті.
«Петромидия» мұнай өңдеу зауыты есепті кезеңде 1,67 млн тонна шикізат өңдеп, өзінің жобалық қуатын 98,3%-ға орындады. Мұнай өнімдерін шығару көлемі 1,59 млн тоннаны құрады, соның ішінде:
– дизель отыны – 743 мың тонна;
– бензин – 436 мың тонна;
– авиаотын – 136 мың тонна.
KMGI-ге қарасты ритейл компаниялардың сатылымы 9%, яғни 934 мың тоннаға ұлғайды. Бұл негізінен Румыния мен Молдовадағы көтерме сауданың ұлғаюының нәтижесі. Басқа (отынға...