Көпшілікке Showtime лақап атымен танымал Энтони Петтис Алматы қаласына келе жатыр. ММА жұлдызы Threads әлеуметтік желісіне қазақша жазып, дәмді ет жейтін орын іздеді.
Қонақжай халықтың тілін тапты
Америкалық атлет жергілікті халықтың көңілінен қалай шығу керектігін біледі екен.
«Тредс қазақтардікі дейді ғой? Рас па? Алматыға жолға шығып жатырмыз. Ең дәмді беш қайда жесек болады?» – деп сұрады Showtime.
Аз уақыттың ішінде оның қазақша жазбасын 10 мыңнан астам адам ұнатып, жүздеген адам пікір жазды. Әлдетте, қонақжай қазақтар Энтониді етке шақырып жатыр.
Боранбаевқа қарсы шығады
Энтони Петтис 6 маусымда Әділ Боранбаевпен жекпе-жек өткізеді. Оны...