Оңайтылған арнаулы салық режимінде (упращенка) жұмыс істей бергісі келетін жеке кәсіпкерлер 2026 жылдың 1 наурызына дейін салық режимін сақтау туралы өтініш тастауы тиіс. Жеке кәсіпкер өтініш тастамаса, автоматты түрде жалпыға бірдей салық режиміне өтіп кетеді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Комитеттің арнаулы салық режимі әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шыңбергеннің айтуынша, 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін тасталған өтініштер жарамайды.
Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан заңды күшіне енгендіктен, бұған дейін қоланылған режимдер күшін жоятындықтан, қайта хабарлама жіберу керек. Әр өтініш жеке қаралады. Салық төлеушілерге салық режимін таңдау 450 мыңнан аса хабарлама жіберілген. Қазіргі кезде 4 мыңнан...