Қазақстандық YouTube-тың жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп келеді. Оған дәлел ретінде шығып жатқан жоба саны көбейіп жатқанын және ондағы қаралымның да жүздеген мың, тіпті миллион деген межеден асып кеткенін келтіруге болады. Танымдық видео, сұхбат пен подкастарды бөлек алып қарағанда, қазақша шоулардың орны бір төбе екенін байқаймыз. Олай болса, ана тілімізде жасалып жатқан жобаларға шолу жасағанды жөн көрдік.
Сең қозғалды: қазақша жоба да, аудитория да көбейді
Осыдан бес жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда, қазір Youtube кеңістігінде қазақша контент әжептәуір көбейді. Оның ішінде нишаларға бөлінген, бағыты айқындалған жобалардың қатары күн өткен сайын артып келеді. Қаралымы да жарияланған сәттен көп ұзамай бірнеше мыңнан...