Ақмола облысы, Қосшы қаласында үйленбек болған 28 жастағы жігітті қалыңдығы алдап кеткен. 1,5 млн теңгемнен айырылдым деген азамат полицияға арыз түсірді.
Оның түсуіндіруінше, былтыр тамызда әлеуметтік желі арқылы бойжеткенмен танысады. Ол Шымкентте отбасымен тұратынын айтады. Екеуі бірнеше рет кездескен соң, Астанадан пәтер жалдап бірге тұра бастайды.
Кейін жігіт қалыңдығын ата-анасымен таныстырады. Біраз уақыттан соң ол аяғы ауыр екенін айтады. Екеуі үйленбекші болып, Қосшыға көшіп келеді.
Жігіттің ата-анасы қалыңмал ретінде қыздың ата-анасына 950 мың теңге беріп жібереді. Артынша қыз үшін арнайы 600 мың теңгеге сырға-сақина алады. Осыдан кейін қалыңдық байланысқа шықпай, жоғалып кетеді. Кейінірек жігіт қалыңдығым деп жүрген бойжеткеннің үш...