Шымкентте сот Тұран аудандық полиция басқармасының басшысы Нұржан Тілеуовті 6 жылға түрмеге жапты. Сотталушы сот үкімімен келіспейді. Оның қорғаушысы әрі әйелі бұл қолдан ұйымдастырылған арандатушылық деп бағалайды.
Сот үкімі
Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 50 жастағы Нұржан Тілеуовті Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабымен кінәлі деп таныды. Оны 6 миллион теңге пара алды деген айыппен 6 жылға бас бостандығынан әрі полковник шенінен айырды.
Нұржан Тілеуов жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болды. Оған шығарылған үкім күшіне енгенге дейінгі 1 күні жаза мерзімінің бір жарым күніне есептелді.
Сот барысы
Судьяның сөзінше, Тілеуовтің кінәсі өзінің және жәбірленушінің сотқа дейінг...