Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Чжао Лэцзиді қабылдады. Ақорданың мәліметінше, кездесуде қазақ-қытай мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту, парламентаралық диалогты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары сөз болды.
Рекордтық көрсеткіштер мен инвестициялық серіктестік
Кездесу барысында Президент екі ел арасындағы достықтың тарихи негізі берік екенін және тату көршілік пен өзара сенім рухында сенімді дамып келе жатқанын атап өтті.
«Қытай Халық Республикасымен мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті тұрақты негізде нығайту – біз үшін өзгермейтін басымдық. 2025 жыл екіжақты қарым-қатынастарды дамытуда тарихи жыл болды. Өзара сапарлар көпжақты ынтымақтастығымызды тереңдетуге қуатты серпін берді», – дед...