Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева көпшілік тарапынан жиі қойылатын сұрақтардың бірі келіні туралы сұраққа жауап берді.
Тимур Балымбетовке берген сұхбатында әнші отбасындағы дәстүрін айтып берді.
«Маған жиі «келініңіз туралы не айтпайсыз?» деген сұрақ қойылады. Енді балаларым туралы сұрағаннан кейін, ана ретінде айтайын. Қазір әже болдым, отанасы деген ұғым бар ғой. Отбасымыздың тіршілігін әрі қарай жалғастыратын, менің орнымды басатын, осы әулеттің дәстүрін, жолын жалғайтын – келінім Ақерке. Менің келінімен деген көзқарасым осындай», деді әнші.
Сонымен қатар Роза Рымбаева өзі де бір әулеттің келіні болғанын атап өтті.
«Мен өзім Оқаповтар отбасыны...