Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева 2025 жыл адамдардың бетпердесі шешілген жыл болғаны туралы жазба қалдырды.
Оның пікірінше, биыл – тазару жылы. Қажетсіз адамдар әртүрлі жолмен өміріңнен кетеді.
«Иә, биылғы жыл шынымен де қасыңдағы адамдардың бетіндегі маскасы шешілетін, шынайы жүзін көрсететін жыл екеніне әбден көзім жетті. Өкінішті… Бірақ мен алғыс айтамын. Себебі, алдыңда одан да биік белес күтіп тұр», – деген жазба қалдырды актриса.
Айгүл Иманбаеваның сөзіне қарағанда, мұны қайырлы іс деп қабылдай алу керек.
«Жаратушы керек емес адамдарды түрлі себептермен жолыңнан алып тастайды екен. Қимайсың. Бірақ бәрі қайырлы. Тек қабылдау керек екен. Адам...