Іштің бұлшықеттерін қатайтып, дене бітімін жақсарту үшін міндетті түрде күрделі жаттығулар жасау керек емес. Фитнес мамандар ішті кетіруге көмектесетін бірнеше жаттығуды атап, олардың бұлшықетті нығайтуға және бел тұсын жинақтауға қалай көмектесетінін түсіндірді.
Маманның айтуынша, жақсы нәтиже алу үшін іштің бірнеше бұлшықетін қатар жұмысқа қосатын жаттығуларды орындау қажет. Яғни іштің тік, көлденең және қиғаш бұлшықеттері қатар қозғалыста болу керек. Сонымен қатар мұндай жаттығулар дене қалпын жақсартуға, қимылды бақылауға және дұрыс тыныс алуға көмектеседі.
«Тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін, омыртқаға дұрыс күш түсіретін және жаттығу кезінде денені тұрақты ұстауды талап ететін құрылғыларды таңдаңыз. Бұл көбірек калория жағуға және...