FIFA қызыл қағаз алып, ойыннан шеттетілген АҚШ құрамасының шабуылшысы Фоларин Балогунді қайта алаңға шығармақ.
Reuters ақпаратына қарағанда, бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың араласуы себеп болған. Соның нәтижесінде футболшы Бельгияға қарсы әлем чемпионатының 1/8 финалында алаңға шықпақ.
Балогун бұған дейін Босния және Герцеговинамен ойында қызыл қағаз алып, келесі кездесуді өткізіп жіберуге тиіс еді. Алайда Трамп ФИФА президенті Джанни Инфантиномен сөйлесіп, шешімді қайта қарауды сұраған.
ФИФА қызыл қағаздың күшін жоймай, дисквалификацияны бір жылдық сынақ мерзіміне кейінге қалдырды. Егер осы уақыт ішінде Балогун дәл осындай тәртіп бұзушылық жасаса, жаза автоматты түрде күшіне енеді.
Бұл шешім үлкен дау туғызды. Бельгия футбол қауымдастығы ФИФА...