Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке фермерлерді ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ететін тиімді тетіктерді енгізуді тапсырды. Сонымен қатар «Бәйтерек» холдингі дайындаған құны 500 млрд теңгеден асатын азық-түлік өнеркәсібі жобаларын созбалаңға салмай, іске асыру қажеттігін айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді.
Тоқаевтың сөзінше, былтыр ауыл шаруашылығы саласы шамамен 6%-ға өсіп, агроөнеркәсіп кешенінде өндірілген өнім көлемі 15 трлн теңгеге жеткен.
Сонымен қатар жеңілдетілген шарттармен қаржыландыру көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 трлн теңгеден 1,5 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Алайда президент бөлінген қаражаттың бір бөлігі күнделікті қажеттіліктер мен айналым қаражатын толықтыруға жұмсалып жатқанын атап өтті.
«Шаруаларға алдағы жұмысын...