Швейцариялық Glencore тау-кен өндіру тобы қазақстандық цинк пен алтын өндіруші «Қазцинк» акцияларының бақылау пакетін сату бойынша соңғы шешімді алдағы екі айда қабылдайды, деп хабарлайды Kursiv.media.
Finmentor Telegram-арнасының дерегіне қарағанда, Glencore компаниясының басшысы Гэри Нэгл Goldman Sachs ұйымдастырған жабық конференцияда отандық инвестормен келіссөздер жалғасып жатқанын айтқан.
Оның сөзінше, мәміле бойынша соңғы шешім 2026 жылдың соңына дейін қабылданады деп күтілуде. Сарапшылардың бағалауынша, активтер пакетінің құны 5 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, тараптар әлі де түпкілікті келісімге келген жоқ.
Ықтимал сатып алушы ретінде қазақстандық кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліптің есімі аталды. Ақпан айында Bloomberg агенттігі де Glencore компаниясы «Қазцинк» ЖШС-ндегі 70 пайыздық үлесін