Алматының Әуезов ауданында қару алып жүрген ер адам ұсталды, деп жазады Kursiv.Media Алматы полициясына сілтеме жасап.
Оқиға 28 қазанда 10-шағын ауданда кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Патрульдік полицияның «Буран-355» экипажы күдік тудырған ер адамды байқап, тексерген. Сол кезде ол өзімен бірге қару бар екенін айтқан.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген зат 9 мм калибрлі травматикалық қару болуы мүмкін.
Қазір қарудың шығу тегі мен сипаттамаларын анықтау үшін сот сараптамасы тағайындалды. Сондай-ақ оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Осы дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға берілед...