Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Сенат кулуарында Қазақстанда ірі қараның арасында аса қауіпті аурулардың тіркелмегенін ресми түрде айтты.
«Қазақстанда отыз миллионға жуық мал тіркелген. Сондықтан мал ауруларының да түрі көп. Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның ішінде Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тек аса қауіпті жұқпалы ауруларды тексеріп, олардың таралмауын қадағалайды», дейді ол.
Кулуарда журналистер вице-министрден Қарағанды облысы, Баршын ауылындағы малдардың қырылуына қатысты сұрақ қойды. Алайда министр ауылда тараған індетті аса қауіпті аурулардың қатарынан емес екендігін айтты.
«Қазақстанда ресми түрде ешқандай қауіпті мал ауруы тіркелген жоқ. Біз міндетті түрде аса қауіпт...