Алматыда тексерілген әрбір сегізінші көліктен ауаға бөлінетін зиянды заттар мөлшерінің белгіленген нормадан асқаны анықталды. Дегенмен көліктердің бір бөлігін жөндеп, қайта тексергеннен кейін мәселені шешуге болған. Бұл туралы қала әкімдігі жариялаған Low Emission Zone (LEZ) пилоттық жобасының аралық қорытындысында айтылған.
Әкімдіктің мәліметінше, қыркүйек айында LEZ аймағындағы бақылау бекеттерінде 6 833 автокөлік тексерілген. Оның 922-сінде, яғни 13,5%-ында зиянды шығарындылар деңгейі белгіленген нормадан жоғары болған.
Алайда бұл көрсеткішті төмендетуге болатыны да байқалған. Атап айтқанда, жанармай жүйесін ретке келтіргеннен кейін 561 автокөлік қайта тексеруден сәтті өткен.
«Бұл қалыпты техникалық қызмет көрсету мен қозғалтқышты дұрыс реттеу автокөліктің қоршаған ортаға...