Елдегі саяси партиялар алдағы құрылтай сайлауы қарсаңында кандидаттар тізімін жариялап болды. Соңғы болып тізімді бүгін «Әділет» партиясы бекітті.
Тізімге мәжіліс сапында депутат болғандардың көбі енбей қалған. Олардың арасында бұрынғы аманаттықтар да, бір мандаттық округтен сайланған депутаттар да бар.
Kursiv.Media өткен сегізінші шақырылымда белсенділігімен көзге түссе де ешбір партияның тізіміне енбеген Ермұрат Бапи, Бақытжан Базарбек, Абзал Құспан, Мақсат Толықбай, Еділ Жаңбыршин сияқты экс-депутаттарға хабарласып көрген. Олардың бірі тұтқаны көтермесе, бірінің нөмірі сөніп тұрды. Тек Ермұрат Бапимен сөйлесудің сәті түсті.
«Қайтсем де кіруім керек деген позиция болмады»
VIII шақырылымға бір мандаттық округтен барған Ермұрат Бапи «Әділетке» шақыру алмағанын...