Қазақстан үкіметі алдағы үш жылда ел бюджетінен үкіметттік борышты қайтару үшін 11 трлн теңгеге жуық қаржы жұмсамақ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары- Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің депутаттық сауалға берген жауабында жазылған.
«2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы шеңберінде үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге республикалық бюджеттің шығыстары:
2027 жылға – 3 560,7 млрд теңге;
2028 жылға – 3 675,8 млрд теңге;
2029 жылға – 3 650 млрд теңге мөлшерінде көзделген», – делінген жауапта.
Бұл ретте Жұманғарин Үкіметтік борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың өсуі республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға алынатын борыштың жыл...