Жалған ақпарат таратты деген күдікпен үйқамағына алынған тілші Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Ulysmedia сайтының бас редакторы Самал Ибраева жазды.
«Ulysmedia жаңа ғана Ботагөзбен байланысты. Ол түнгі сағат екіде оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын растады», – дейді ол.
Оған дейін Самал Ибраева «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС директоры Азамат Үсімбековтан сұхбат алған еді. Ботагөз Омарова дәл осы кәсіпорын қызметкерлеріне қарыз және ақшалай қаражатты төлемей отыр деген материал жариялаған. Дегенмен сұхбатында Үсімбеков тілшіні қамату деген жоспары жоқ екенін айтады.
«Бізде ондай жоспар тұрған жоқ. Барып соттату, отырғызу тағы басқа дегендей. Басты мақсатымыз...