Ресейдің Адыгейск қаласында Ozon маркетплейсінің логистикалық орталығына дрондар шабуыл жасады. Нысанда өрт шығып, қызметкерлер эвакуацияланды, деп жазады Kursiv.Media компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Ozon өкілдерінің мәліметінше, логистикалық орталықтағы барлық қызметкер жедел түрде қауіпсіз жерге көшірілген.
Оқиғаға байланысты компания қоймада сақталған тауарларды маркетплейстің сату сөресінен уақытша алып тастайтын болды. Сондықтан бұл тауарларға тапсырыс беру мүмкін болмайды. Егер дәл сондай тауарлар басқа логистикалық орталықтарда болмаса, олардың мәртебесі «Қоймада жоқ» деп өзгертіледі. Компания кейбір тапсырыстарды тоқтататынын, ал қалғанын басқа логистикалық орталықтар арқылы жеткізуге тырысатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар шабуыл жасалған орталық FBO модел...