Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов 26 шілде күні Абу-Дабиде өтетін UFC Fight Night турнирінде Асу Алмабаевқа қолдау көрсетіп, оның секунданты болады. Бұл ақпаратты Асу Namys Fighting арнасына берген сұхбатында растады.
Бастапқыда Асу Алмабаевтың қарсыласы Өзбекстан өкілі Рамазан Теміров болуы тиіс еді. Алайда өзбекстандық спортшыдан допинг сынамасынан тыйым салынған заттар табылып, жекпе-жек тоқтатылды. Енді октагонға Асу Перу спортшысы Хосе Очоаға қарсы шығады.
Бүгінде Алмабаев салмақ өлшеу рәсіміне белсенді дайындалып жатыр. Онымен бірге Абу-Дабиге қазақстандық файтерлер Азат Мақсұм пен Бекзат Алмахан да барған. Жақын күндері оларға Шавкат Рахмонов пен Фаниль Рафиков қосылады.
Бұл жекпе-жек кештің негізгі картасын ашады және Асу Алмабаевты...