Владимир Зеленский Ресейге кейбір аумақты қалдыру туралы мәселені Украина халқы шешуі керек деп есептейді. Бұл жайлы ол журналистермен кездесуде айтты.
«Бұл сұраққа Украина халқы жауап беруі керек деп есептеймін. Сайлау немесе референдум болсын, Украина халқы өз ұстанымын ашық айтуы керек», – деді ол.
Оның сөзінше, Киев АҚШ-қа «бейбітшілік жоспарының» жаңаланған нұсқасын жіберген. АҚШ тараптар арасын реттеу үшін Ресей және Украина әскері тұрған шығыс өңірде «еркін экономикалық аймақ» құруды талап етіп отыр.
«Олар украиналық әскер Донецк облысының аумағынан кетіп жатқанын көріп отыр. Ендігі келісім ресейлік әскер бұл аумаққа кірмеу...