Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астанадағы халықаралық әуежайдан қазақстандық қажылардың алғашқы легін қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларына шығарып салды.
Наурызбай қажы Тағанұлы сапарға аттанғалы тұрған қажыларға сәттілік тілеп, лебізін білдірді.
«Алланың қасиетті үйіне бет түзеп, ұлы сапарға аттанғалы отырған баршаңызға Жаратушы Иеміз амандық, саулық, мол рухани қуат нәсіп етсін! Ұлы Раббымыз сапарларыңызды жеңіл әрі қайырлы етіп, жасаған қажылықтарыңызды қабыл болған қажылықтардың қатарына қосқай. Шамасы жеткен әрбір мұсылманға өмірінде бір рет қажылық жасау – парыз. Діни мен дәстүрін ардақтай білген ата-бабаларымыз қажылық сапарын ұлықтап «Ұлы сапар» деп атаған. Бұл...