2026 жылғы 1 мамырға дейін 140 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Мемлекет кәсіп бастағысы келетіндер азаматтарға да грант беруге дайын. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 9 мың мемлекеттік грант қарастырылған. Жаңа бизнес бастауға 1 730 000 теңге беріледі.
Бұдан бөлек азаматтарды жұмыспен қамту үшін мемлекет бірнеше бағытта жұмыс істеп жатыр. Халықтың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған «Бастау Бизнес» жобасы жалғасады. Жыл басынан бері кәсіпкерлік негіздеріне 16,9 мың адам оқытылып, оның 7,3 мыңы оқуын аяқтап, сертификат алды.
Тағы бір бағыттың бірі – субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру. Мұндай жұмыс...