Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын таныстырды. Бұл бағдарламаға бюджеттен 1,3 трлн теңге бөлінген.
Тұжырымдама негізінен төрт бағыттан тұрады. Олар: балалар қауіпсіздігі, білім, денсаулық, отбасы және әлеуметтік қорғаудағы құқықтары. Осының аясында 158 іс-шара жоспарланған.
Маңызды өзгерістің бірі – елдегі психологиялық қолдау орталықтарының пайда болуы. Қазір елімізде 20 психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. Осы жылы зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар үшін тағы 40 көмек кабинетін ашу жоспарланған. Барлық мектепке педагог-психолог сағаты енгізіледі.
Одан бөлек білім беру мекемелері техникалық қауіпсіздік жабдықтарымен толық жабдықталуына көңіл бөлінеді. Сүлейменованың сөзінше, жазғы лагерьлердің қызметін лицензиялау 2026 жылдың 1 сәуірінен, ал мектепке дейінгі мекемелерд...