2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 4,7 млрд долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық Банк статистикасында жазылған.
1 млрд доллардан астам қаржы өңдеу өнеркәсібіне, сондай-ақ автомобиль саудасы мен жөндеу жұмыстарына, 997 млн доллар – тау-кен өнеркәсібіне, 772 млн доллар – көлік саласына, 697,4 млн доллар – Қаржы және сақтандыру қызметіне жіберілді.
Қазақстанның негізгі инвесторлары:
Қытай – 1,2 млрд доллар (бірінші тоқсанда 815 млн доллар, екінші тоқсанда 596,2 млн доллар); Ресей – 950,5 млн доллар (530,7 млн доллар, 661,3 млн доллар); Нидерланд – 638,4 млн доллар (1,5 млрд доллар, 7 706,7 млн доллар); Швейцария – 469,5 млн...