Өзбекстанда 41 жастағы Салим Рустамов Бюро қызметкерлерінің көз алдында жантүршігерлік қылмыс жасады.
Kun.uz ақпаратына қарағанда, ал HOWO жүк көлігімен бұрынғы жұбайын, қайынапасы және қайынатасын әдейі басып өткен. Қанды оқиға Навои облысының Тамды ауданында бұрынғы әйелінің отбасына тиесілі үйден оны күштеп шығару кезінде болған.
Іс материалдарына сәйкес, 41 жастағы Салим Рустамов сол аудандағы бір шаруа қожалығында жүргізуші болып істеген және HOWO маркалы жүк көлігімен малға су тасып жүрген.
Ол 2008 жылы Гулмира Эргашеваға үйленген. Алғашында Зарафшан қаласында тұрған ерлі-зайыптылар кейін Тамды ауданындағы Шарк қыстағындағы үйге көшкен. Бұл үй әйелі Гулмираның меншігі болған.
2021 жылдың сәуірінде ерлі-зайыптылар ресми түрде ажырасқан.
...