Қазақстан үкіметі шетелде тұратын қазақтардың бірыңғай тізімін дайындауды көздейді. Бұл туралы Үкіметтің жиналысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қазақтар туралы тізім цифрлы Migration.enbek.kz көші-қон платформасының бір бөлігіне айналады.
«Шетелдегі мекемелер, «Отандастар» қоры, сонымен бірге түрлі диаспоралар көмегімен, Migration.enbek.kz көші-қон платформасы аясында, шетелде тұратын қазақтардың тізімі дайындалады», – деді Жақыпова.
Мұндай жүйе шетелдегі этникалық қазақтармен қарым-қатынас орнатуға, тарихи отанына қайтып оралғысы келетіндерге қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Осы бастама елдің көші-қон саясатын реформалау жөніндегі ұсыныстарға кіреді. Этникалық репатриация институтын дамыту аясында еңбек министрлігі қандас мәртебесі мен оны қолдау жұмыстарын...