Елімізде магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды. Тестілеу 10 тамызға дейін жалғасады.
Айта кетейік, кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1 маусым мен 8 шілде аралығында Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүргізілді.
Биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 51 мыңнан астам өтініш қабылданды. Ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Бизнес, басқару және құқық» бар.
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Тестілеуге 3 сағат 55 минут беріледі. Шекті балл...