Кәсіпкер Айдын Рахымбавпен байланысы бар Alhena компаниясы Арал қаласында күн электр станциясын салып жатыр. 2024 жылы компания 25 млн теңге шығынға ұшыраған. Бұл туралы AIX биржасында жарияланған қаржы есебінде жазылған. 2023 жылы да компания 11,5 млн теңге шығын көрген.
Компания 2021 жылдың қыркүйегінде тіркелген. Оның жалғыз иесі – BI Group компаниясына тиесілі General Contractors Group. Ал BI Group акциясының 66%-дан астамы Айдын Рақымбаевқа тиесілі. Forbes-тың 2025 жылғы дерегі бойынша, Рахымбаев Қазақстандағы ең бай бизнесмендер тізімінде 10-орында тұр. Оның байлығы – 967 миллион доллар.
Компания жарғысына сәйкес, Alhena күн, жылу және басқа да электр станциялары арқылы электр қуатын өндіру...