«Қазавиақұтқару» тікұшағы Алматыдағы «Медеу» спорт кешені аумағынан қауіпті жағдайда ұшып шығып, адамдарды қағып кете жаздады. Бұл сәт бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады.
Кадрлардан тікұшақтың жерден бірден көтеріле алмағанын, бірнеше рет қисайып, ағаштардың бұтақтарына тиіп кеткенін анық көруге болады.
«Қазавиақұтқару» АҚ хабарлауынша, тікұшақ «Медеу» спорт кешені маңындағы ресми алаңнан алдын ала берілген өтінім бойынша жоспарлы ұшуды орындаған.
«Әуе бортын біліктілігі расталған тәжірибелі ұшқыш басқарған. Ұшуға дейін бортмеханик азаматтарға қауіпсіз қашықтықты сақтау...