Асайын Байханов басқаратын Павлодар облысының әкімдігі маса, шыбын-шіркеймен күреске арналған 13,6 млрд теңгенің тендерін қайтадан жариялады. Алғашқысы жыл басында өтпей қалған. Сол кезде күмәнді тендерге кәсіби палуанның клинингпен айналысатын фирмасы мен Түркістан облысындағы бір ауылда тіркелген компания кірген еді.
Масамен күреске қарсы тендер мемлекеттік сатып алу порталында екінші мәрте 2026 жылғы 20 қаңтарда жарияланды. Тендерге өтініш қабылдау бүгін, яғни 26 қаңтарда басталып, 2 ақпанға дейін созылады. Ашық байқауда 13 млрд 674 млн 377 мың теңге ойнатылады.
Тапсырысты тағы да Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы жариялады. Миллиардтар 2026-2028 жылдары игеріледі. Өңір басшылығы соның көмегімен...