«ADCB» Ислам Банкі» АҚ «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлерді қолдауға 25 млрд теңге бөледі. Бұл жайлы ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен «ADCB» Ислам Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Гордон Хаскинспен кездесуінде айтылды.
Серік Жұманғарин агроөнеркәсіптік кешенді, әсіресе мал шаруашылығына инвестиция салуды ең перспективалық жобаның бірі ретінде қарастыруды ұсынды. Қазақстан Таяу Шығыс елдерінің премиум сапалы өнімге деген жоғары сұранысына сай ет экспортын тұрақты түрде арттырып келеді.
«ADCB» Ислам Банкі – Қазақстан мен ТМД елдерінде ашылған алғашқы ислам банкі. 2010 жылы Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес құрылған. 15 жыл ішінде банк еліміздегі жобаларға 3 млрд доллардан астам...