Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов блиц шахматтан командалық әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерімен кездесті. Чемпионат Лондонда Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) аясында өткен.
Әлем чемпионатына 52 команда қатысқан. Қазақстан құрамасы командалық есепте күміс жүлдені иеленіп, жекелей сында 6 жүлде, оның ішінде 2 алтын медаль жеңіп алған.
Кездесу барысында министр Қазақстан командасының жетістігін тарихи оқиға деп атап, отандық шахмат мектебінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанының айқын көрсеткіші екенін айтты.
«Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту мәселесін үнемі басты назарда ұстап келеді. Сіздердің бұл жеңістеріңіз – жеке жетістік емес, бүкіл Қазақстан халқы үшін...