Астана мен Ақтөбе оқушылары АҚШ-та өткен дрон-футбол чемпионатына қатысып, бірінші орын алды. Олар 17 елден келген қарсыластарын басып озып, екі дисциплинада жүлделі орындарды иеленді деп хабарлады Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
FIDA USA Drone Soccer Championship халықаралық чемпионаты 30 сәуірден 2 мамыр аралығында Калифорния штатында өтті. Қазақстан жарысқа бес команда жіберді. Оның төртеуі Астанадан, біреуі Ақтөбеден.
Super Pilot жеке дисциплинасы бойынша Астана қаласындағы №8 мектептің 9-сынып оқушысы Амантай Арсен бірінші орынды иеленді. Жаттықтырушысы Жәнібек Ражабовтың жетекшілігімен Арсен чемпионаттың ең күрделі кезеңінде басымдық танытып, алтын жүлдеге қол жеткізді. Дәл осы санаттағы екінші орын №82 мектептің 8-сынып оқушысы Хайралла...