Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алғаны үшін қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпталған Машрапбек Баратовтың ісі бойынша жарыссөз өтіп жатыр. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Сотта алдымен жәбірленушіден жауап алынды.
Жәбірленуші Ботагөз Мұхтарова 2025 жылдың 7 наурызы тексеру қызметінің инспекторы ретінде ауысымға шыққанын айтты. Сол кезде оған қарай Баратов жақындап, жеке куәлігі мен ұшаққа отырғызу талонын көрсетуін сұрағанда, ол үш минуттан кейін әуежайды жарып жіберетінін айтқан.
«Ол оң жақ қалтасынан пышақ шығарды, мен айқайладым, әріптестерімді көмекке шақырдым. Ол ешкім жақындамасын, әуежайды жарып жіберемін деді. Мен шок алдым. Сол кезде полиция қызметкерлері, жолаушылар мен әріптестерім келді. Мен басымды көтерген сәтте қасымда...