Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады деп хабарлайды Ақордадан.
Президент әуелі Air Astanа-ның Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Әңгіме кезінде Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашуды, ол рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу жайын талқылады.
Питер Фостер – Air Astana әуе компаниясының директорлар кеңесі ұйымның бас директоры әрі директорлар кеңесінің мүшесі. Осы жылдың наурызында ол қызметінен кетуі керек. Бірақ негізгі лауазымынан айырылса да, директорлар кеңесінің аға кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастырады. Фостер компанияны 20 жыл бойы басқарған.
Кей...