Зейнетақы активтерін басқаратын компаниялардың 2026 жылдың 9 айындағы инвестициялық қызмет нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Жеке басқарушы компаниялар арасында «Сентрас Секьюритиз» АҚ ең жоғары көрсеткішке (11,87%) қол жеткізсе, «Tansar Capital» АҚ өз активтері бойынша инвестициялық шығынға ұшырап, көрсеткіші минусқа кетті.
Ұлттық Банк қанша табыс тапты
2026 жылдың 1 қазанында Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері 26,6 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бергі инвестициялық қызмет, сондай-ақ шетел валюталары бағамының құбылуы мен қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде есептелген инвестициялық кіріс көлемі 766,32 млрд теңгені құрады. Салымшылардың зейнетақы шоттарына бөлінген...