АҚШ Мемлекеттік департаменті хуситтердің шабуылдарына байланысты Сауд Арабиясынан штаттан тыс мемлекеттік қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерін елден алып кету туралы өкім шығарды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
The Hill ақпаратына сүйенсек, жаңа жарлық хуситтердің Сауд Арабиясы қолдайтын Йемен үкіметіне қарсы соғысы аясында шыққан.
Хуситтер Сауд Арабиясы аумағындағы инфрақұрылымдарға, соның ішінде азаматтық әуежайлар мен басқа да маңызды нысандарға соққы беріп жатыр. Бұл бейбіт тұрғындар арасында адам шығынына әкелуде.
21 қазан күні АҚШ-тың Сауд Арабиясындағы елшілігі хуситтер шабуыл жасауы ықтимал деген болжамға байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді ескертті.
19 қыркүйекте Сауд Арабиясы бастаған әскери коалиция хуситтердің Эр-Риядқа баллистикалық зымыран ұшырмақ болғанын хабарлаған. Коалиция өкілі Турки әл-Маликид...