Тұрғын үй кезегінде тұрған 200 мың қазақстандық есептен шығарылуы мүмкін. Бұл туралы «Отбасы банк» тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы департаментінің директоры Азат Әшімов мәлімдеді. Бұл туралы Kursiv.Media krisha.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
14 қыркүйектен бастап банкке дербес деректерді өңдеуге келісімін алмай-ақ, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәліметтерін түгендеу құқығы берілді. Тексерудің мақсаты – кезекте тұрғандардың баспана алуға қойылатын талаптарға қаншалықты сай келетінін анықтау.
«Шамамен 200 мың азамат есептен шығарылуы мүмкін. Себебі олар жеңілдетілген бағдарламалардың талаптарына сәйкес келмейді. Қазір осы мәліметтерді талдап жатырмыз. Негізгі себептер – азаматтардың меншігінде баспананың болуы...