Еліміздің айтулы тұлғаларына мемлекеттік марапаттар табысталатын кезекті мереке күндері жақын. Сондай марапаттар арасында орны бөлек, дәрежесі айрықша бір құрмет белгісі бар, ол – «Халық қаһарманы» атағы. Kursiv.Media редакциясы қазір бар ашық деректерді шолып, осы атақты алған қайраткерлердің толық базасын әзірлеп, оқырман назарына ұсынады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанның «Халық қаhарманы» атағын 39 азамат алған. Алғаш алған тұлға – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов (1994 жылы алған). Биыл, қайтыс болғанына 52 жыл толғанда, бұл атақты Ұлы Отан соғысында ерекше ерлік көрсеткен қазақ офицері Кенжебай Мәденовке (1925-1974) берді.
Төмендегі интерактивті инфографика кестесіне жинақталған мәліметтерді тиісті сұрау белгілері бойынша сұрыптап көруге...